«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысында "Халық заңгері" атты жалпы республикалық акциясы өтті. Аталған акция 2016 жылдан бері Республиканың барлық ірі қалалары мен басқа да елді-мекендерінде өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Азаматтар облыстың заң қоғамдастығының үздік өкілдерінен қажетті кеңестерін тегін ала алды.
Іс-шараға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, орталық мемлекеттік органдардың облыстық департаменттерінің басшылары, жеке нотариустар, сот орындаушылары, заңгерлер мен адвокаттар, консультанттар қатысты. Олар облыстың 400-ден аса тұрғынның туындаған мәселелер бойынша тиісті кеңестер берді.
Бұл қоғамдағы өзекті мәселені шешу мақсатында азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және бір заңгермен ғана емес өзге де заң өкілдерінен кеңес алуға, алынған жауаптарының дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік берген шара болды.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП