«Заң және тәртіп» идеологиясын нығайту мақсатында Маңғыстау облысында барлық деңгейдегі білім беру ұйымының басшыларымен кеңейтілген жиын өтті.
Жиынға Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары А.С.Дюсембаев, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы А.Е.Абдулов, облыстық Білім басқармасының басшысы А.Я.Кумбаев және өңірдегі білім бөлімдерінің басшылары, колледж, мектеп, балабақша директорлары мен бас бухгалтерлері қатысты.
Іс-шарада заңдылық пен құқықтық тәртіпті мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қатаң сақтау, мемлекеттік сатып алу процестерінде ашықтықты қамтамасыз ету қажеттігі аталып өтілді.
Сондай-ақ, «Білім беру саласы - сан қырлы, Республика бойынша ең көп қаржы жұмсалатын салалардың бірі. Өкінішке орай, жас ұрпақты тәрбиелеп, адалдыққа жол сілтейтін ұстаздар қауымы тарыпынан сыбайлас жемқорлық қылмыстардың не бір түрлі жүйелері жасалғанын осы саладағы ашылған қылмыстар көрсетіп берді.
Сонымен қатар, барлық орта білім ұйымдарында тәрбиелік мәні бар «Адалдық сағаттарын» үнемі өткізуді, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі жастармен жұмысты жандандыруды ұсынамын» - деді департамент басшысының бірінші орынбасары А.С.Дюсембаев.
Кеңейтілген жиын білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық нормаларды нығайтудағы маңызды қадам болды.
Шара соңында еркін пікір алмасып, видеороликтер көрсетілді.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП