«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту шеңберінде Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары А.С.Дюсембаев, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы А.Е.Абдулов, Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.Т.Хамиев және мердігерлер мекеме басшыларының, техникалық қадағалау мен авторлық қадағалау өкілдерінің қатысуымен Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында орналасқан 150 орындық Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының құрылысына мониторинг жүргізді.
Айта кету керек, бұл нысан ҚР Президенті әкімшілігінің ерекше бақылауында.
Аурухана 155 позиция медициналық құрылғылармен және жабдықтармен қамтылған. Соның ішінде жаңа электрокардиограмманы амбулаториялық жағдайда бақылауға арналған жүйе, электрхирургиялық құрылғы, компьютерлік томограф, сандық панорамалық рентген аппараты орнатылған.
Сонымен қатар, аурухана бірнеше блоктардан, яғни операция бөлімі, балалар терапиясы бөлімі, перзентхана, әкімшілік бөлім, зертхана және басшылық, жұқпалы аурулар бөлімінен (инфекциялық стационардан) тұрады. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қолданысқа берілген жағдайда 170 мыңға жуық тұрғын сапалы медициналық көмек пен қызметтерге қол жеткізе алады.
Мониторингтің негізгі мақсаты - құрылысты мерзімінде аяқтау және қаражатты тиімді пайдалану. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, ауданның инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП