«Заң мен тәртіп»: жастардың ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

«Заң мен тәртіп»: жастардың ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту және жастар арасында құқықтық сананы арттыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдері студент жастармен кездесті.

Іс-шараға Департаменттің Превенция басқармасының бас маманы Х.Куспанова, «Әсер» қоғамдық қорының директоры М.Орынбасарова, «Маңғыстау-адалдық алаңы» жобасының үйлестірушісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті А.Шамшадинова қатысты.

Кездесуде заң мен тәртіп қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы, жастардың сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қолдаудағы рөлі талқыланды.

Кездесу соңында студенттермен еркін пікір алмасып, бейнероликтер көрсетілді.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП