«Заң мен тәртіп»: «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС ұжымында кездесу өтті

«Заң мен тәртіп»: «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС ұжымында кездесу өтті

 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу квазимемлекеттік сектор өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстағы кезекті қадам болды.

Аумақтық департаменттің Превенция басқармасының бас маманы Х.Куспанова Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіріп, Департамент тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды және ашықтыққа негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын талқылады.

 Іс-шара квазимемлекеттік салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті күшейтуге бағытталған пікір алмасумен аяқталды.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП