Меню
Страницы

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Сыбайлас жемқорлықты азайтудағы менің үлесім» атты эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Сыбайлас жемқорлықты азайтудағы менің үлесім» атты эссе байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығына орай, мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық эссе байқауы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік)  Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қолдауымен өткізіледі.

  1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын білуін, шығармашылық белсенділігін және креативті шығармашылық ойлауын ынталандыру

2.2. Байқаудың негізгі міндеттері:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерді шешуде креативті және жаңаша ойлауды ынталандыру;
  • Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға тарту;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа (инновациялық) тәсілдерді іздеу және ілгерілету;
  • Патриотизмді және парасатты қоғамды құруда жеке жауапкершілікті қалыптастыру.
  1. ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

3.1. Байқауға қатысу тегін және ерікті түрде, Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

3.2. Байқау жұмыстары тақырыпқа сәйкес, түпнұсқадағы авторлық жұмыстар болуы тиіс. Әрбір жұмыстың мазмұны қатысушының жеке тәжірибесіне немесе кәсіби қызметіне негізделіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты ұсыныстар мен оның шешу жолдарын ұсынуы қажет.

3.3. Мәтінде өзге авторлардың цитаталары мен материалдарын қолдануға болады, алайда өзге жұмысты қолдану (плагиат) жалпы жұмыстың 30% аспауы керек, басқа материалдарды пайдалану автордың негізгі аргументтерін толықтырып, ақтап алатындай болуы қажет.

3.4. Эсседе қолданылған барлық дереккөздер дұрыс ресімделуі қажет. Материалдарды пайдаланған жағдайда, библиографиялық сілтемелерді толық қолданып, төмендегідей деректерді көрсетуі керек: келтірілген материал бойынша автордың аты мен тегі, жұмыстың атауы, басылған орны (қала), баспаның немесе мерзімдік басылымның атауы, басылып шыққан жылы (басылым номері) мен парағы.

3.5. Байқауға қатысушы тек бір ғана жұмыс ұсына алады.

3.6. Бағалау критериі:

  • Байқау тақырыбының сәйкестігі;
  • Ұсыныстардың түпнұсқа болуы және жаңашылдық;
  • Мәселені шешудің деңгейі және ұсынысты тәжірибеде қолданудың өзектілігі;
  • Мазмұндау стилі мен ойдың анықтығы.
  1. ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4.1. Эссе қазақ немесе орыс тілдерінде дайындалып, төмендегі талаптарға сәйкес ресімделуі керек:

  • Жұмыс көлемі: А4 форматындағы 3 парақтан аспау
  • Шрифт: Times New Roman, 14-размер, жол аралығы – 5
  • Құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
  • Жоғары колонтитулдың оң жағында байқау атауы көрсетілуі қажет. Эссенің атауы парақтың ортасында орналасып, парақтың астына, оң жағына автордың аты көрсетілуі керек.

4.2. Файлдың электрондық нұсқасында: Автордың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс орны және байланысу үшін ақпарат берілуі керек.

4.3. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар байқауға жіберілмейді.

  1. БАЙҚАУДЫҢ ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ

5.1. Байқау сырттай жүргізіледі. Жұмыстар электронды түрде Департаменттің ресми сайтында «Эссе байқауы – қатысушының тегі» белгісімен konkurs@antikor.gov.kz  электрондық мекен-жайында қабылданады.

5.2. Жұмысты бағалау екі деңгейде өтеді:

  • Белгіленген критерилерге сәйкес эссе алдын ала таңдаудан өтеді. Жұмысты бағалау және жеңімпаздарды анықтау 5 балдық деңгеймен анықталады.

5.3. Байқаудың қорытынды шешімі эксперттік бағалау кезінде әр жұмысқа берілген балл санының қосындысы негізінде қабылданады. Қорытынды нәтиже барлық комиссия мүшелерінің қойған бағаларының (балл) қосындысы арқылы есептеледі.

5.4. Бағалау қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар жеңімпаздар деп танылады.  Қорытынды қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған жұмыстар бойынша бөлек анықталады.

5.5. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен және құнды сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздардың жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

5.6. Байқау комиссиясының қосымша номинациялар бойынша төмендегідей арнайы атақтар беруге құқығы бар:

  • «Таңдаулы эссе»;
  • «Ерекше шығармашылық көзқарас»;
  • «Көркем эссе» және т.б.

5.7. Байқаудың өткізілу мерзімі: Жұмыстарды қабылдау: 2024 жылдың 16 қыркүйегі мен 16 қазан аралығы, қоса алғанда.

5.8. Байқау қорытындысы Агенттіктің ресми сайтында және оның әлеуметтік желідегі парақшаларында ақпараттық хабарлама түрінде жарияланады.

5.9. Нәтижені қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау  - 2024 жылғы 25 қазан.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ

6.1. Бұл ереже оны бекіткен кезден бастап күшіне еніп, байқауға қатысты барлық іс-әрекеттер аяқталғанға дейін жарамды болады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы