Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстар жалғастырылуда.
«Заң мен тәртіп» нарративі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 5-6 мамыр күндері «Nomadas» ЖШС-нің «Қызылорда-Көкшетау», «Марал-Нұр» ЖШС-нің «Қызылорда-Павлодар» бағыттары бойынша қатынайтын және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Түркістан-Қызылорда» қала маңында тасымалдайтын пойыздарына қоғамдық мониторинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты теміржол жолаушылар тасымалы көліктерінде санитарлық және техникалық нормалардың сақталуын бақылау, билетсіз жол жүру фактілерін болдырмау, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына әсер ететін басқа да бұзушылықтарды анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу.
Мониторинг барысында пойыздардың кестеге сәйкес уақытылы келуі, вагондардың санитарлық-гигиеналық жағдайы, сондай-ақ персонал жұмысының белгіленген талаптар мен қызмет көрсету стандарттарына сәйкестігі бағаланды.
Мониторинг қорытындысы бойынша пойыздың белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталды:негізгі жүйелер дұрыс жұмыс істейді, тасымалдау шарттары қанағаттанарлық деп танылды.
Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аралық станциялардағы вагондардың санитарлық жағдайын бақылауды күшейту, жазғы кезең қарсаңында кондиционерлеу жүйелеріне кезектен тыс тексеру жүргізу, ақпараттық стендтер мен материалдарды жаңарту бойынша ұсыныстар берілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы