Жеңіске адал қызмет: Қызылордада тыл ардагері құрметке бөленді

Жеңіске адал қызмет: Қызылордада тыл ардагері құрметке бөленді

Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тыл ардагерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Кездесудің кейіпкері — 90 жастағы  ардагер, соғыс жылдарындағы ауыр еңбектің куәгері және тарихтың тірі шежіресі.

Ардагерге құрмет белгісі ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оған естелік сыйлықтар табыстап, Жеңіске адалдығы мен қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Іс-шараның салтанатты атмосферасын Ұлттық ұланның взводы әскери марштар орындау арқылы қолдады.

Ерлік, борыш және ар-намыс – ардагердің соғыс жылдарындағы ауыр сынақтардан өткен құндылықтары. Ол бүгінде мызғымас рух пен Отанға адалдықтың тірі символы болып қала береді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы