Қаржыгер мамандарға қонақ дәріс берілді

Қаржыгер мамандарға қонақ дәріс берілді

  Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында өңіріміздегі, қаржыгер мамандар үшін «Мемлекеттік қызметтегі әдеп және кәсібилік:сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыбында бір  күндік біліктілік арттыру семинары өткізілді.

  Аталған шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпәлиев дәріс өткізді.

  Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жүйесін құруға және ұйымдағы этикалық стандарттарды сақтауға бағытталған кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын дамыту.

  Дәріс соңында қатысушылар өзара пікір алмасып,сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы