Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: Ішкі аудит департаментінде профилактикалық кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: Ішкі аудит департаментінде профилактикалық кездесу өтті

  Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жеке құрамымен профилактикалық кездесу өткізді.

  Іс-шара аясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова ,Сотқа дейінгі тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі М.Майгелдиев баяндама жасады.

  Баяндамада, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың туындауының алдын алу тақырыптарында түсіндірме жұмыстары берілді.

  Шара соңында  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы