Әскери-техникалық мектебінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Әскери-техникалық мектебінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

  Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» Қызылорда облысы бойынша филиалының білім алып жатқан тыңдаушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарға тәрбиелеу» тақырыбында кездесу өткізілді.

  Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңнама аясында туындайтын жауапкершілік пен оның салдары  жөнінде түсіндірме жүргізді.

  Кездесу соңында  қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы