«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында еріктілермен Қармақшы аудандық орта білім беру ұйымдарының басшылық құрамына, мамандарына және білім алушылардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары беріліп, жиын өткізілді.
Кездесу барысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер, жемқорлық қылмыстарының жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпараттар берілді.
Бұдан бөлек, еріктілермен сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, «е-өтініш» арқылы арыз-шағым жолдау, мемлекеттік органдарға хат жазу жолдары түсіндірілді.
Айта кетсек, қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою мақсатында 2023 жылдың тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлық қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылуда.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы