Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында еріктілерімен аудандық білім беру ұйымдарының мамандарына және білім алушылардың ата-аналарына  «Орта білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық: себептері, жағдайлары және алдын алу әдістері» тақырыбында  құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

  Осы орайда, Арал ауданына қарасты 49 орта мектептің директорларына, директордың оқу ісі бойынша орынбасарларына,  есепшілеріне және  білім алушылардың  ата-аналарына волонтерлер тарапынан түсіндірме жұмыстары беріліп, жиын өткізілді.

  Жиын барысында, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен проблемалары туралы талқыланып,ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді.

  Сондай-ақ арнайы дайындалған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп,  тыңдаушылар тарапынан ұсыныс пікірлер айтылды.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы