
«Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің жүзеге асырылуы мен алғашқы нәтижелерін талқылау бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпәлиев және Сотқа дейінгі тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі М.Майгелдиев, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департамент басшылығы, Қызылорда облысы прокуратурасының және Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында бюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың туындауының алдын алу және оған жол бермеу мәселелері бойынша пікірталастар өткізілді.
Қатысушылар осы бағыттардағы тәуекелдерді төмендетуге қатысты ұсыныстарын ортаға салып, алдын алу шараларын жетілдіру жолдарын талқылады.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы