
Қоғамда «Заң және тәртіп» нормативін нығайту аясында Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері үшін қаланың қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің №68 мекемесіне экскурсия өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау салдарымен таныстыру, күдіктілердің, айыптаушылардың, сотталушылар мен сотталғандардың тұрмысын ішкі жағынан көрсету болып табылады.
Экскурсия барысында қызметкерлер тергеу кабинетіне, тексеріп қарау бөлмесіне, кітапханаға және серуендеуге арналған алаңға барды.
Тергеу изоляторына келген қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін мұндай акциялар өте тиімді және заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектесетінін атап өтті.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы