Ағымдағы жылдың 27 наурызында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпәлиев және превенция басқармасының бас маманы Ж.Қозбағарова ,Қызылорда облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Е. Талекенов қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңнама аясында туындайтын жауапкершілік пен оның салдары айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы