
Қоғамдық санада «Заң және тәртіп» нормативін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұжымы үшін семинар өткізілді.
Семинарға өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Ғ.Байменова қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер, жемқорлық қылмыстарының жауапкершілігі және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берілді.
Семинар соңында қызметкерлерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағыттылған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы