Қызылордада «Фемида-2025» кәсіби шеберлік сайысы өтті

Қызылордада «Фемида-2025» кәсіби шеберлік сайысы өтті

  Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде құқықтану бойынша  1-курс студенттері арасында «Фемида-2025» тақырыбында кәсіби шеберлік сайысы өтті.

  Конкурстың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті, құндылық көзқарастарын қалыптастыру және қоғамда парасаттылық пен адалдық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті қабілеттерді дамыту.

   Іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың түрлі аспектілері қамтылып, команда қатысушылары «Менің-мамандағым менің мақтанышым» тақырыбындағы бейнероликтерін таныстырды.

  Сонымен қатар, білім алушылар әділетті шешім шығарған қазақ билерінің шешімдерінен үзінді қойылым қойды.

  Сайысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Жүнісов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Ә.Жаппасбаев және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж. Әнуарқызы қазылық етті.

  Аталған іс-шара оқу орындарының қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де дәріптейді.

  Ойын соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды дипломмен марапаттап, әр сайыскерге алғыс хат табыстады.

 

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы