Туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізетін жұмыс тобымен кездесу өтті

Туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізетін жұмыс тобымен кездесу өтті

  Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұйымдастыруымен өңірдің туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетін жұмысшы тобының құрамымен кездесу өтті.

  Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпалиев жұмыс тобы мүшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін жеткізді.

  Сонымен қатар, туристік саланы қаржыландырудың ашықтығы, объектілер құрылысы, ықтимал мүдделер қақтығысы және өзге де мәселелерді зерделеу жоспары таныстырылды.

  Айта кету керек, аталған салада туындаған барлық шағымдар мен ұсыныстар жөнінде, азаматтар төменде көрсетілген арнайы нөмір бойынша және электрондық поштаға жүгіне алады: эл.пошта: apvo.kzo@mail.ru; WhatsApp нөмірі: +7 777 499 78 78

#ЗАҢменТӘРТІП

#ЗАКОНиПОРЯДОК