
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің балалары арасында Ұлттық мереке-Республика күні қарсаңында «Қыран елім-Қазақстан» тақырыбында сурет байқау өтті.
Конкурсқа 1-4 сынып оқушылары қатысып, белгіленген тақырыптағы суреттерін асфальтта түрлі түсті бормен салды.
Аталған іс-шараның мақсаты - балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекқорлықты, адалдықты және патриоттық сезімді ояту болып табылады.
Балалардың салған суреттері бір-біріне ұқсамайтын қызықты болды. Салынған суреттерден балалардың дұрыс азаматтық ұстаным қалыптасқанын және болашаққа деген нық сенімдері бар екендігін көруге болады.
Қатысушы балалар арасында жүлдегерлер анықталып, Департамент басшысының Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК