«Адалдықтың үлгісі-Әбдіжәміл Нұрпейісов»

«Адалдықтың үлгісі-Әбдіжәміл Нұрпейісов»

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасатылыққа тәрбиелеу мақсатында адалдық үлгісі Әбдіжәміл Нұрпейісовтың ғұмыры туралы «Адалдық сағаты» акциясы аясында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенттеріне семинар өткізілді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова, аталған оқу орнының Құқық пәнінің оқытушысы, парасаттылық мектебінің жетекшісі Л.Ахметова қатысты.

Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты - Әбдіжәміл Кәрімұлының қазақ еліне сіңірген еңбегі мен парасаттылық пен адалдыққа толы ғұмыры семинар барысында еске түсіріліп, жас ұрпаққа қандай да бір жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығы насихатталды.

Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Студенттер шара соңында айтылған ақпараттар мен көрсетілген бейнеролик бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар сауалдарына жауап алды.