Антикор мен Қызылорда еріктілері меморандумға қол қойды

Антикор мен Қызылорда еріктілері меморандумға қол қойды

Ағымдағы жылғы тамыз айынан бастау алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапының «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы «Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қоры еріктілерінен қолдау алды. Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) басшысы Е.Ә.Мақажанов және «Волонтеры Қызылорды» қоғамдық қорының атқарушы директоры О.Чебакова аталған жоба аясында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум арқылы О.Чебакова құзіретіндегі еріктілермен антикормен жұмыс жасап, аталған жоба аясында ақпараттармен бөліседі. Өз кезегінде Департамент қызметкерлері әрбір еріктіге түсіндірме семинар сабақтарын өткізетін болады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында жобаның басты мақсаты, іске асу бағыттары, мерзімдері және кадрлық қамтамасыз ету мен басқару жөнінде баяндама жасалды.

Іс-шараға «Әділдік жолы» Қызылорда облыстық филиалының басшысы Л.Бақтыбаева, «Волонтеры Қызылорды» қоғамдық қорының атқарушы директоры О.Чебакова, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздықов, «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің облыстық филиалының басшысы Н.Мишукова, Қорқыт ата университеті өкілдері, сонымен қатар орталық атқарушы органдардың өңірлік департаменттері және  әкімдікке қарасты салалық басқарма басшылығы қатысты.