
Күкірт қышқылы зауыт қызметкерлері арасында «ҚР заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен тұжырымдар» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменттің мамандары Жанар Қозбағарова, Гүлбану Мақажан, «СКЗ-U» ЖШС-нің қызмет сала басшысы және комплаенс офицері Өміртай Елжан, қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Ербол Құттыбаев қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, департамент тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдауды жүзеге асыратын 1424 Call-орталығы жайында еске салып өтті.