Департамент өкілдері қалалық әкімдіктің дербес бөлімдері қызметкерлерімен кездесу өткізді

Департамент өкілдері қалалық әкімдіктің дербес бөлімдері қызметкерлерімен кездесу өткізді

2022 жылдың 10 тамыз күні Департаменттің Превенция басқармасының қызметкерлері қалалық әкімдіктің  дербес бөлімдері  қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысында Департамент өкілдері ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістері, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі аспектілері, №4 Үлгілік базалық бағыт жобасын жүзеге асыру бойынша шараларды жандандыру бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижелері талқыланды. Кездесулер барысында Департамент тарапынан әзірленген арнайы бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.