«Адал көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды

«Адал көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды

2022 жылдың 11 тамыз күні «Antikor оrtalyǵy» сервистік орталығында «Адал көмек» жобасы аясында халықты қызықтыратын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

«Адал көмек» жобасының мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердің бірі болып саналады.

Бүгінгі шараға облыстық білім басқармасы бсшысының орынбасары Бердаулетов Бағдат Камбозұлы  және басқарманың техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Есенбаев Бекжан Шакизатұлы қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіліп, барлық сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.