Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының маңызды бағыттарын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда  облысы бойынша департаменті қызметкерлері Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті  қызметкерлеріне арналған кездесу өткізді.

Жиында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, дәріс қатысушыларына әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсініктемелер берілді, оның ішінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 154, 680, 681-баптарына сәйкес.

Кері байланыс барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.