БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ  ІС ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2022 жылдың тамыз айының 9 жұлдызында «Достық» үйінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлымен облыстық білім беру ұйымдарының басшылығымен кездесу өткізілді. 

Кездесу облыстық білім басқармасы басшысының төрағалығымен жүргізіліп, оған білім беру ұйымдарының басшылары, заңгерлері мен мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары және қоғам белсенділері қатысты.

Бұл шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасында қаралған шектеулердің сақталуын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын мәселелерді тақылау болып табылады.  

Кездесу барысында Бақытжан Мақсұтұлымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 11,13-баптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруға, лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, заңды түрде тиесілі ақшалары мен өзгеде коммерциялық мүліктерін сенімгерлік басқаруға беруге және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулерге қатысты түсіндірмелер жасады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік бюджетті үнемдеу мақсатында мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуына және білім беру ұйымдарында комплаенс қызметтерінің дамуына ерекше назар аудару керектігі жеткізілді.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау барысында жемқорлық тәуекелдері тыйылмай тұрғандығы аталып, мамандарды жұмысқа қабылдау үшін әлеуметтік желілерде және сайттарға тиісті хабарламалар беріп, ашық конкурстар өткізу арқылы жүргізуге ұсыныстар жасалды.

Кездесу аяқталу сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен олардың  көріністерін болдырмау туралы пікір алмасулар жүргізілді.