«Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тіркеу, орта оқу орындарына орналастыру, сондай-ақ ерекше білім алуды қажет ететін балалар мәсәлелері» бойынша тегін құқықтық көмек көрсетіледі

«Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тіркеу, орта оқу орындарына орналастыру, сондай-ақ ерекше білім алуды қажет ететін балалар мәсәлелері»   бойынша тегін құқықтық көмек көрсетіледі

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде  құқықтық көмек көрсету мақсаты болып табылатын «Adal komek» жобасы оффлайн форматқа көшуде.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Аntikor ortalyǵy» қызмет көрсету орталығында апта сайын бейсенбі күндері халықпен түсіндірме кездесулері өтеді.

Отырыстың тақырыбы мен баяндамашысы көрсетілген хабарландырулар әр дүйсенбі сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің www.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.

Шараға қатысу үшін 87079297552 WhatsApp нөмірі арқылы алдын ала жазылу қажет.