Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру бойынша кездесу өтті

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру бойынша кездесу өтті

Бүгін «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтының қызметі мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Шараға облыстың жергілікті атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты ұйымдардың комплаенс офицерлері қатысты.

Іс-шарада Департамент өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіруді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша комплаенс офицерлерді әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және жемқорлықты болдырмаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану мәселелері, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де міндет екендігі жеткізілді.

 

Жиын соңында комплаенс офицерлер өздерінің практикалық істерімен бөлісіп, жұмыс барысында туындайтын мәселелерді талқылады, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру және квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметінің функциясын дамыту бойынша қатысушылардың ұсыныстары тыңдалды.