БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕР ТАЛДАНДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕР ТАЛДАНДЫ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өңірлік білім саласындағы мемлекеттік сатып алулар бойынша мәселелерді тақлылау мақсатында "Достық үйі" ғимаратында семинар өтті.
Аталған кездесуге, Департамент басшылығы, мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілдері, білім басқармасының басшысы мен басқармаға қарасты облыс деңгейіндегі барлық мектеп, бала бақша, колледж директорлары және мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарымен барлығы 800-ге жуық қызметкерлер қатысты.
Семинар мақсаты мақсаты – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы Жол картасына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғам белсенділерімен бірлесе отырып жоспарланған мемлекеттік сатып алу бағасын жасанды көтерумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік беретін «Біріңғай сатып алу терезесі» веб-порталы арқылы облыс көлемінде жарияланып немесе жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы болды.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллқазы өз баяндамасында – «Бірінғай терезе» кәсіпкерлер палатысамен әзірленген жүйе арқылы жоспарланып отырған мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жасауға, республика бойынша әр тауардың орташа бағаларын көруге болатынын, жүйе аномальды төмен және жоғары бағаларды көрсететінін, сонымен қатар әр тапсырыс берушінің жүргізілген сатып алулар тарихын, яғни кімнен, қаншаға, қашан сатып алғандығын көруге болатынын, сатып алуларды 1 күнде өткізіп, келесі күні тауарды қабылдап алғандығы туралы да көруге болатынын жеткізді.
Сонымен қатар, орталық және жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылға жоспарлаған мемлекеттік сатып алу көлемі 3,7 трлн. теңге болса, 2020 жылы 7,6 трлн. теңге, 2021 жылы 6,2 трлн. теңге болғанын және бұл көрсеткіштер веб-порталда орналастырылған 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары бекітілген бюджеттердің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарларының көлеміне сәйкес келмейтінін куәландыратындығын жеткізіп, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының қаржыландыру жоспарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік мекемелерге қатысты камералдық бақылау жүргізуге бастамашылық жасайтын болатынын, мұндай сәйкессіздік фактісі анықталған жағдайда лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделгенін (2014 жылғы 5 шілдедегі ӘҚБтК-нің 207-бабының 13-тармағы) хабарлады.
Шарада күн тәртібінен бөлек, білім саласында мемлекет қаражатын жымқыру және бюджеттің игерілуіне қатысты өзгеде құқықбұзушылықтардың алдын алу, мемлекет қаражатының жұмсалуына ішкі бақылау жүргізу, мемлекеттік саясатты іске асыру бағытындағы жобаларының орындалуы секілді өзгеде мәселелер талқыланды.
Шара соңында, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарына жауаптар беріліп, бірқатар ұсыныс-пікірлер талқыланып, күн тәртібіндегі мәселе өзінің оң шешімін тапты.