Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі менҚазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының қызметкерлері Қызылорда облыстық ішкі істер органдарының қызметкерлері және олардың ата – аналарымен кездесулер өткізді.
Кездесуде департамент қызметкерлері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтіп, ішкі істер органдары қызметкерлеріне парасаттылық пен адалдық принциптерін кеңінен насихаттады.
Шара барысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жсопардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша өз пікірлері мен идеяларын бөлісті.
Өз кезегінде Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің кадр бөлімі басшысы – ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар бойынша қысқаша хабарлама жасады.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.