ПАРА АЛУ ФАКТІСІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУЛУДЕ

ПАРА АЛУ ФАКТІСІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУЛУДЕ

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маманына қатысты аудиторлық тексеру жүргізу кезінде жалпы сомасы 1 280 000 теңге пара алу фактілері бойынша тергеу жүргізуде.

Бұл ретте, Қызылорда облысының "Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ басшысы тексеріс барысында оң шешім қабылдағаны үшін жоғарыда аталған тұлғаларға 50 000 теңге сомасында пара берді.

Қызылорда облысының ІМАД лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу соты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат тергеу барысында жария етілуге жатпайды.