ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облысының орман шаруашылығы және жаунарлар дүниесі аумақтық иснпекциясы ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарын түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының бас маманы Р.Ғ.Тұраров тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттары мен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарына тоқталды.
Шара соңында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.