Бүгін 14 сәуір күні «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы және Департаменттің іс-қағаз жүргізуші инспекторы Ибаділдәев Нұрсұлтан Нұрділдаұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Экономика және құқық" институтының «Құқықтану» кафедрасының 3 курс студенттерімен TedX форматында кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарын түсіндіру болып табылады.
Қорытынды ретінде, барлық қатысушыларға әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, студенттерді толғандырған тұрмыстық-ситуациялық жағдайларға қатысты және де құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мәселері бойынша сауалдарына жауаптар берілді.