Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібі негізінде енгізілген ұсынудың қарау нәтижелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібі негізінде енгізілген ұсынудың қарау нәтижелері талқыланды.
2021 жылдың 21 мамырында Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшылығының қатысуымен осы басқармаға қарасты «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманына қатысты алаяқтықпен пара беруге азғыру деректеріне сәйкес, сотқа жолданған қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібі негізінде енгізілген ұсынудың қарау нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар, шара барысында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «Бизнеске арналған үкімет» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалынған ішкі талдауларының жобалары талқыланып, департамент басшылығы тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, ұжымда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейту мен комплаенс қызметін енгізу қажеттігі ескертілді.
Кездесу соңында, қатысушларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, департамент тарапынан әзірлерген арнайы бейнеролик көрсетілді.