Түзету мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды

Түзету мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық прокуратурамен бірлесіп қаладағы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №68 мекемесіне ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық, қалалық,аумақтық инспекция өкілдері үшін экскурсия өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау салдарымен таныстыру, күдіктілердің, айыптаушылардың, сотталушылар мен сотталғандардың тұрмысын ішкі жағынан көрсету болып табылады.

Экскурсия барысында қызметкерлер тергеу кабинетіне, тексеріп қарау бөлмесіне, кітапханаға және серуендеуге арналған алаңға барды.

Тергеу изоляторына келген қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін мұндай акциялар өте тиімді және заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектесетінін атап өтті.

#заң&тәртіп

#заңментәртіп

#законипорядок