Қызылорда облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – әділетті қоғамның негізі

Қызылорда облысында «Заң мен тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – әділетті қоғамның негізі

«Заң мен тәртіп» жалпыұлттық иедологиясы аясында, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қаызылорда  облысы бойынша департаменті азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтауға және жолын кесуге белсенді қатысуының маңыздылығын үнемі атап өтуде.

2023-2024жж сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін 6 тұлғаға 1 532 130 теңге көлемінде сыйақы берілген.    2025ж 5 айында 4 мемлекеттік қызметкер грамотамен марапатталып, 1 тұлғаға 258 440 теңге сыйақы берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті жемқорлық фактілері туралы хабарлаған немесе жемқорлық құқық бұзушылықпен күресуге өзге де жолмен ықпал еткен тұлғаларды ынталандыру шараларын тұрақты түрде жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жауапты және принципті көзқарастың көрнекі мысалы-Қызылорда облысының азаматшасы, оған тұрғын үй алу мақсатында 1 миллион теңге көлемінде пара беру ұсынылған.

Алайда, азаматша заңдылық пен тәртіп қағидаттарына адал болып, бұл оқиға туралы бірден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған.

Естеріңізге саламыз: Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға болатын 1424 нөмірлі бірыңғай тегін call-орталық жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдар туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып саналады және  қорғауда болады.

Әрбір қоңырау мен өтініш – мемлекеттің және қоғамның мүддесін қорғауға жасалған қадам.

#заң&тәртіп

#заңментәртіп

#законипорядок