«Көшпелі қоғамдық қабылдау»: Жаңақорған ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

«Көшпелі қоғамдық қабылдау»: Жаңақорған ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Жаңақорған ауданының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Іс-шараға  аясында облыс тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және мемлекеттік кіріс, әділет, денсаулық сақтау, білім, еңбек және құрылыс, сонымен қатар басқа да сала маман өкілдеріне тікелей жүгінуге мүмкіндік алды.

Тұрғындардың  негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, жергілікті жолдардың жай-күйі, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, газ жүргізу, денсаулық сақтау, мемлекеттен несие, жеңілдіктер мен субсидиялар алу мәселелеріне қатысты болды.

Азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетілді, құқықтарды қорғау тетіктері түсіндірілді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қалай хабарлау, өтініш беру туралы егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ 1424 тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығының жұмысымен таныстырды.

Өтініш берушілер туралы ақпарат қатаң құпия және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатынын атап өтті.

Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 

#заң&тәртіп

#заңментәртіп

#законипорядок