2025 жылғы 24 маусымда қоғамда адалдық пен адамгершілікті нығайтуға бағытталған «ӘДІЛ ҚОҒАМ» жобасы іске қосылды.
«Әділ қоғам» жобасы-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және ЮНЕСКО қамқорлығымен мәдениеттерді жақындастыру орталығының мәдениет пен Ұлттық мұра призмасы арқылы қоғамдағы адалдық пен адамгершілікті нығайтуға бағытталған бірлескен бастамасы.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының орынбасарлары А.Жүнісов, М.Сағындықов, Т.Амантай, жеке құрам, облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов, сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің басшылары, жастар ұйымдарының өкілдері мен шығармашылық зиялы қауым мүшелері қатысты.
Бастаманың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеяларды мәдени мұра, тарихи құндылықтар мен ұлттық дәстүрлер арқылы жеткізетін бірегей мәдени-ағартушылық платформа құру. Жоба шеңберінде қоғамда адалдық пен әділеттілікке деген құрметті нығайту, адамгершілік нормаларды өмір салтына айналдыруға баса назар аударылады.
Бұл жоба мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтың күшін біріктіре отырып, қоғамда адалдық, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын ілгерілетуді көздейді.
Жоба жастарды адалдыққа, әділдікке және «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстануға тәрбиелеуге ықпал етеді. Мұндай бастамалар азаматтық жауапкершіліктің артуына және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің нығаюына септігін тигізеді.
#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок