ТЕDX форматында жастармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кездесу өтті

ТЕDX форматында жастармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде жастар ресурстық орталығында ТЕDX  форматында жастармен кездесу өткізілді.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс офицері А.Жаппасбаев  қатысты.

Баяндамашылар жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлін атап өттіп, жастарды адал, әділ, парасатты болуға, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» танытуға шақырды.

Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы