«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Шиелі ауданының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың түйткілді мәселелерін шешуде жәрдемдесу. Шара аясындағы қабылдаулар тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде өткізіледі.
Мобильді топтың құрамына мемлекеттік кіріс, әділет, денсаулық сақтау, білім, еңбек және құрылыс, сонымен қатар басқа да сала мамандары, жоба волонтерлері қосылды.
Тұрғындардың негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, жергілікті жолдардың жай-күйі, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, газ жүргізу, денсаулық сақтау, мемлекеттен несие, жеңілдіктер мен субсидиялар алу мәселелеріне қатысты болды.
Мамандар ауыл тұрғындарының жеке мәселелеріне қатысты кеңестерін беріп, тиісті құқықтық көмектерін көрсетті.
Айта кету керек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топпен» жыл соңына дейін облыстың барлық аудандары мен ауылдық округтерінде құқықтық көмек көрсету жоспарланған.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы