Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлеріне семинар өткізілді

Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлеріне семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті РММ-нің қызметкерлеріне семинар өткізілді.

Іс-шара аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова баяндама жасады.

Баяндамада, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың туындауының алдын алу тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара соңында  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы