
«Заң және тәртіп» қағидатын нығайту аясында «Өркениет» медициналық колледжінің студенттеріне дәріс берілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, құқықтық сауаттылықты дамыту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңнама аясында туындайтын жауапкершілік пен оның салдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесу соңында қоғамда парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсірілген әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялар алу үшін, сондай-ақ белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 колл-орталығына хабарласу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы