«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы валонтерлік» жобасы аясында кездесу өткізілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы валонтерлік» жобасы аясында кездесу өткізілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Департамент Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігімен  бірлесіп Ұлттық алдын алу тетігі тобы ұжымымен кездесу өткізді.

Шараға Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпәлиев, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Байхожаев қатысты.

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру және бұл індеттің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Кездесу барысында Ж.Жүсіпәлиев жобаның мақсаты, іске асыру бағыттары туралы түсіндірді.

Алдағы уақытта аталған топ мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тиісті шаралар атқарылатын болады.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы