ҚР Стратегиялык жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттык статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті кызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Б.Әбдіқадыр және облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы С.Жұмаев қатысты.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, заңнамаға енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңнама аясында туындайтын жауапкершілік пен оның салдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сонымен қатар, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы, қолданыстағы заңнамадағы соңғы өзгерістер, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған құқықтық жауапкершілік туралы хабардар етілді.
Кездесу соңында қоғамда парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсірілген әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы