Қызылорда облысында ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің лауазымды тұлғаларға қатысты ұсынысы қаралды

Қызылорда облысында ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің лауазымды тұлғаларға қатысты ұсынысы қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Ахметқалиев пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Р.Ахметовпен бірлесіп, сондай-ақ Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізіліп, оның барысында ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыныс қаралды.

Жиын барысында қылмыс жасалудың негізгі себебі ретінде жемқорлыққа төзімсіздіктің жоқтығы, мекеме басшылығы тарапынан ведомстволық бақылаудың жеткіліксіздігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыстың жоқтығы көрсетіліп, оның алдын алу және оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірқатар ұсынымдар енгізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту аясында  осындай ұсыныстар әрбір қылмыстық іс бойынша енгізіледі және қылмыс жасаған лауазымды тұлғаның тікелей қызмет атқарған мемлекеттік органының еңбек ұжымдарында қаралады.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 қысқа нөмірлі Call-орталығына тәулік бойы хабарласуыңызға болады.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК