«Анаға тағзым» орталығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

«Анаға тағзым» орталығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

  Қоғамдағы әйелдердің құқықтық сауатын арттыру, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Анаға тағзым» орталығында «Әйел және әділ қоғам:заң,тәртіп,тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

  Іс-шараға өңірлік Антикор басшысы Қ.Ахметқалиев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ш.Байманов, құқық қорғау орган өкілдері, мемлекеттік қызмет саласында жүрген әйел азаматтары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. 

  Іс-шарада Қ.Ахметқалиев Мемлекет басшысының жолдауында айқындалған «заң мен тәртіп» идеологиясының қоғам өміріндегі маңызын атап өтті.

  Сонымен қатар, шара аясында қоғамдағы әйел адамдардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар туралы айтылды.

  Айта кету керек, соңғы ақпараттарға сәйкес жыл сайын орта есеппен сотты болатын 40 мың адамның 5 мыңы,яғни 12,5%-ын әйел адамдар құрайды.

  Шара соңында қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру мен әйелдердің қоғамдағы белсенді рөлін қолдау бағытында осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы