«Заң және тәртіп» қағидатын нығайту аясында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұжымы үшін кездесу өткізді.
Шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Алшынбаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Ж.Қозбағарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Бибітова қатысты.
Шара барысында қызметтік міндеттерді орындау процесінде заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығы және оларға қарсы күрес әдістері сияқты негізгі мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік құрылымдардың жұмысында ашықтықты қолдаудың маңыздылығына қатысты мәселелерге назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыруда шешуші рөл атқарады және халықпен өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал етеді.
Кездесу соңында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы