2025 жылдың 23 сәуірінде Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің Арқалық өңірі бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, сондай-ақ «Жеңіске жол» акциясын өткізу мақсатында Арқалық қаласындағы Кейкі Батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Арқалық қалалық полиция басқармасы мен Арқалық қалалық сотының өкілдері қатысты.
Шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы жалпы түсінік беріліп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, жастарды құқық бұзушылық пен заңсыздықтың кез келген түріне қарсы тұруға, азаматтық белсенділік танытуға және парасатты қоғам құруға үлес қосуға шақырды.
Жемқорлыққа қарсы ағарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстар Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің Арқалық өңірі бойынша ауданаралық бөлімі жүктелген міндеттері аясында жалғасын табатын болады.
#ЗАҢжәнеТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК