Ашық антикоррупциялық портал – азаматтық белсенділіктің алаңы

Ашық антикоррупциялық портал – азаматтық белсенділіктің алаңы

Осы жылдың сәуір айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлесіп жүзеге асыруымен Ашық антикоррупциялық портал іске қосылды.
Аталған Порталда пайдаланушылар үшін онлайн-тестілеуден өтіп, сертификат алуға мүмкіндік беретін оқу курстары, сауалнамалар, әдістемелік материалдарды жүктеу және басқа да пайдалы мәліметтер қолжетімді.

Сондай-ақ, мұнда Transparency International халықаралық ұйымының жыл сайынғы зерттеулерінің нәтижелері мен Қазақстанның Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі көрсеткіштері орналастырылған.

Порталдың маңызды құрамдас бөлігі – еріктілер қызметіне арналған бөлім, онда белсенді еріктілер мен ұйымдар туралы мәліметтер берілген.
Жобаның мақсаты – бейжай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес пен квазимемлекеттік сектор субъектілерін және өзге де ұйымдарды еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту болып табылады.

Антикор еріктілер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастырумен қатар, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және олардың салдарын жоюмен айналысады.

Жобаға қатысушылар қатарына бұрын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, азаматтық белсенді ұстанымы бар 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

Еріктілер қатарына қосылу үшін Қостанай облысы бойынша Департаментке 914-281 нөмірі арқылы хабарласуға немесе kostanay@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазуға болады.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК